Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына пікір

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

 

Image may contain: 5 people, people sitting, table and indoor

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына пікір

2019 жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жария етті. Елбасының бұрынғы Жолдауларында елдің экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыруына күш салған болса, Тоқаев Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен Қазақстанның көшбасшысы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. 
Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз. 
Бізді Жолдаудың орындалуының шарты елдегі басты құндылық ретінде бағаланатын бейбітшілік пен ұлтаралық келісім екендігі де қуантады. Жолдаудағы біздің ұжымның көкейіне қонған жайттардың бірі – «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келді» деген Президенттің сөздері. 
Сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті екендігін айқындау, алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыру сияқты мақсат-міндеттер қазіргі заман талабтарына және қоғамдағы өзекті мәселеге айналғандығының айғағы.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің ұжымы Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектес екендігін шын жүректен білдіре отырып, өзінің қолынан келгенше білім беру саласының алдында қойылған тапсырмаларды өз қызметінде сапалы орындауға тырысады

Please publish modules in offcanvas position.