Коллектив колледжа выразил свое мнение по результатам изучения Статьи Главы государства «Семь граней Великой степи»

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

 

Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауына пікір

Құндылық кілті – келісім мен татулық Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың қазан айындағы Жолдауы – қазақ көшбасшысының
көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдауларында ол елді
экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді
Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік
шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен
Қазақстанның көшбасшысы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам
екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан
көрінеді.
Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім
және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық
табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам
капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі
қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы
экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені
және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын атап
өтуге тиіспіз. 
Бізді Жолдаудың орындалуының шарты елдегі басты құндылық ретінде
бағаланатын бейбітшілік пен келісім екендігі де қуантады.
Жолдаудағы біздің ұжымның көкейінме қонған жайттардың бірі –
«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының екінші
тынысының ашылғаны. Біріншісі – көлік инфрақұрылымын дамыту, екіншісі
– коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы құрылысын кеңейту елге ең
қажетті өзекті жұмыстар екені айтпаса да түсінікті.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің ұжымы
Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан
халқының табыспен өркендей беруіне тілектес екендігін шын жүректен
білдіре отырып, өзінің қолынан келгенше білім беру саласының алдында
қойылған тапсырмаларды өз қызметінде сапалы орындауға тырысады.

Please publish modules in offcanvas position.