17 қазан күні біздің Колледжіміздің студенттері - ардақты атамыз, халық қаһарманы, батырымыз Бауыржан Момышұлының адал келіні - Зейнеп апамызбен кездесу ұйымдастырды.

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

17 қазан күні біздің Колледжіміздің студенттері - ардақты атамыз, халық қаһарманы, батырымыз Бауыржан Момышұлының адал келіні - Зейнеп апамызбен кездесу ұйымдастырды. 
Зейнеп-апа Бауыржан-атамыздың тұяғы - Бахытжан Момышұлының жары. Өз өмірін ұлы қайын атасына арнап, Зейнеп-апамыз сол кісіге арнау ретінде "Шуақты күндер" повесін де жазған еді.
Кздесу барысында студенттер Бауыржан Момышұлы туралы көптеген жаңа мәліметтермен танысты.

Көшеде бояу ерін сылқылдаған, 
Былдырлап, орысшалап жырқылдаған. 
Ұмытып ана тілін, салт-санасын, 
Не қалды тілімізден жыртылмаған.

Отбасы түсініксіз жатқан былдыр, 
Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр.
Оқысаң алып кітап шым-шытырық, 
Опырмау, сандырақ па, бұл не былжыр.

Ержеткендер сөйлейді орысшалап, 
Кім отыр сөз құрылысын қынап-сынап. 
“Мамасы” мен “папасы” шүршіт болып,
Күйдірді-ау, шүршітшілеп, бала жылап.

Please publish modules in offcanvas position.