«Ұлттық тағамдарды жаңғырту» қалалық байқауы

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

15 мамыр күні өткізілген «Ұлттық тағамдарды жаңғырту»  қалалық байқауы

          Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», бағдарламалық мақаласында, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдырып, халықтың ұлттық-рухани тамырынан нәр алатын, болашақ ұрпақ дәріптейтін, үзілмес дәстүрдің жалғасы болып отыр. Бұл- тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында «Khama park» мейрамханасының  шаңырағында, Алматы қаласы Білім Басқармасы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің  аппараты  және  Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі ұйымдастырған, «Туған жер» бағдарламасы аясында дәстүрлі, ұмыт қалған, заманауи қазақ ұлттық асханасының тағамдарын дайындау қалалық конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты:

-Қазақтың ұлттық асханасына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту;

-Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен салауатты өмір салтын ұштасып жатқан ұмыт қалған тағам түрлерін  насихаттау, дәріптеу, таныту;

-Ұлттық асхананың алуандылығын дәріптеу арқылы туристтерді тарту;

-Қазақстанның тұрғындары мен қонақтары үшін Кейтерингтік қызмет көрсету қызметін дамыту;

Мейрамхана бизнесі мен қоғамдық тамақтану аясында ұлттық тағамдарын насихаттау.

 

Ұлттық тағамдарды жаңғырту»  қалалық байқауының демеушілері:

Бас демеуші «Khama park» мейрамхана кешенінің директоры Серикхан  Саметович  Адильханов  және Алматы қаржылық-құқылық және технологиялық колледжі.

 

Байқаудың қонақтары:

  • Алматы қаласы білім басқармасының колледждер бөлімінің жетекшісі Муханбетов А.Г.
  • Алматы қаласы Алмалы әкімдігінің ішкі саясат аппаратының бөлім жетекшісі Сарыбаев Серикболсын Арыстанұлы
  • Алматы қаласы Алмалы әкімдігінің өкілі Нурмаганбетова Асель Болатбековна

 

Байқауға қатысқан колледждер:

  1. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі
  2. Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі
  3. «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» Орал қаласы
  4. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі
  5. Алматы мемлекеттік бизнес колледжі
  6. Алматы облысының сервис және тамақтану сферасындағы инновациялық-технологиялық колледжі

 

Байқаудың сарапшылары:

Әділ-қазылар төрағасы –жоғарғы санатты аспаз, «Khama park»   мейрамхана кешенінің директоры -  Серикхан  Саметович  Адильханов

  1. Омарова Жанар Адильхановна
  2. Шакасимов Ришат
  3. Арсенова Мина Ходжаевна
  4. Нурмаганбетова Асель Болатбековна

Байқаудың шарты: 6 үлеске тағам дайындау

  • Салқын, ыстық басытқылар дайындау(Әсіп, Жанышпа, Ми шұжық, Құйрық бауыр, Қазақстан ассорти)
  • Ыстық тамақ дайындау(Наурыз көже, Кол кеспе, Бешбармак, Қозы қарын, Қуырдақ, Сірне және т.б.)
  • Десерт дайындау (Жент, Балқаймақ,Уыз, құймақ  және т.б.)

 

Қорытынды:

Гран При-Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

1 орын- Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі

2 орын- Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

3 орын-«Сервис және жаңа технологиялар колледжі» Орал қаласы

 

Барлық орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды, Алматы қаласының Алмалы ауданының  әкімі Ж.Т. Естеновтан және «Khama park» мейрамхана кешенінің директоры С.С. Адильхановтан мадақтау грамоталары тапсырылды.


 

Сегодня посетилиСегодня посетили23
Вчера посетилиВчера посетили92
За неделюЗа неделю420
За месяцЗа месяц2019
За все времяЗа все время21750

Поиск по сайту